Қазақстан өз тауарын Ауғанстан арқылы Пәкістанға жөнелтпек
Фото: egemen.kz
Қазақстан өз тауарларын Ауғанстан аумағы арқылы Пәкістан мен Үндістанға жөнелтпек.
Бұл туралы Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Қазіргі кезде Ауғанстан Қазақстан үшін сауда бағытында Пәкістан мен Үндістанға апаратын Орталық Азияның көлік дәлізі саналады. Біз Пәкістанның ірі NLC (National Logistics Cell) логистикалық компаниясымен келіссөздер жүргіздік, ол Ауған компанияларымен де тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатыр, – деді Серік Жұманғарин.
Оның айтуынша, Қазақстан «Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржол көлік дәлізін салу бастамасын жоғары бағалап отыр. Бұл Орталық Азия елдерінің Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз өңіраралық ынтымақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
– Бұл бағыт сауда-экономикалық қарым-қатынас қарқынына тың серпін береді, – деді министр.
Оқи отырыңыз