Демалыс күндері күн суытып, жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, 30 шілде – 1 тамыз аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы күн райы сақталады. Онымен найзағай, бұршақ, жаңбыр күтіледі. Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады. Республиканың солтүстігінде түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +15 +25°С болады. Батыста +30 +35°С. Елдің орталығы мен шығысында +20 +28°С. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +22 +33°С ыстық болжанады», - делінген синоптиктер мәліметінде.
Оқи отырыңыз