KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
477.45 527.1 5.24

QORQYT ATA коллекциялық монеталары шығарылады

Фото: nationalbank.kz

1.09.2023, 20:30 417

ҚР Ұлттық Банкі 1 қыркүйекте «Дала қазынасы» сериясының QORQYT ATA коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.

Монеталар 4 қыркүйектен бастап банктің htps://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі банк сайтына сілтеме жасап.

  "Қорқыт ата – қобыз атасы деп танылған жыршы, музыкант әрі композитор. Аңыз бойынша, Қорқыт Сырдария даласынан шыққан және VIII-IX ғасырларда өмір сүрген. 1980 жылы Қызылорда қаласында «Қорқыт ата» мемориалдық кешені салынды. Мәдени мұра ретінде ресми түрде ЮНЕСКО тізіміне енгізіліп, 2018 жылғы 28 қарашадан бастап мемлекеттің қорғауына алынды. QORQYT ATA монетасы күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана. Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады. Еліміздің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға тиіс. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды", – деп жазылған хабарламада.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив