KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Тәрбиешілердің жалақысы қыркүйекте тағы өседі

Фото: egemen.kz

6.09.2023, 21:46 314

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың қаңтарынан бері тәрбиешілердің жалақысын өсіру қолға алынды.

Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында қызмет ететін педагогтардың жалақысы тағы 30%-ға өседі, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елде 97 мың тәрбиші бар.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту үшін 20 390 педагог кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Мектепке дейінгі 79 ұйымда «Құзырет орталықтары» жұмыс істейді. Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасады.

Сонымен қатар Үкімет балабақшаларда жаңа орын ашуға қатысты шара қабылдап жатыр. Жыл басынан бері 29 620 орынға шақталған мектепке дейінгі 307 ұйым пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың, ал 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив