KZ
Өскемен
-7°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

5 мыңнан астам сарбаздың кредиті кейінге шегерілді

Фото: egemen.kz

8.09.2023, 20:35 299

Қазір мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылғандарға кредиттік демалыс беру жүргізіліп жатыр.

ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Бауыржан Артықов аталған жұмысқа қатысты ақпарат берді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Мерзімді әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге кредиттік демалыстар ұсыну бойынша іс-шаралар іске асырылуда. Атап айтқанда, 2022-2023 жылдары 3,2 млрд теңге көлемінде 20 300 кредиті бар сарбаз анықталды. Бүгінгі таңда 8 800 қарыз бен микрокредит бойынша 5 мыңнан астам әскери қызметшінің 1,4 млрд теңге мөлшеріндегі төлемдері кейінге қалдырылды, - деді Бауыржан Артықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
                   


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу