KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Өңірлердің әкімдіктеріне азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмысын жалғастыру тапсырылды

Фото: egemen.kz

13.09.2023, 14:29 233

Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру қажет.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында осы мәселе туралы айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– 8 айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында барлық негізгі көрсеткіштердің өсімі тіркелді. Қалған өңірлер нысаналы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қабылданған шаралардың арқасында тамыз айының қорытындысы бойынша инфляция 13,1 пайызға дейін төмендеді, - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр мемлекеттік органдар мен өңір әкімдіктері азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тамақ өндірісін ынталандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыру қажеттігін баса айтты.

– Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің экономикалық өсімін орта мерзімді кезеңде 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл – Үкімет пен әкімдіктер үшін маңызды міндет. Осы ретте, барлығымызға экономиканың негізгі бағыттарында және өңірлерде тиісті өсімді көрсету үшін тиімді шаралар қабылдауымыз керек. Министрліктер мен өңірлер өздеріне қарайтын экономика салаларында ай сайынғы орнықты өсімді қамтамасыз етуі тиіс, - деді Әлихан Смайылов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив