Ішінде Өскемен де бар: Премьер-Министр әкімдіктерге ескерту жасады
Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша тиімсіз жұмыс істеп жатқан қала әкімдіктерін сынға алды.
Осы ретте Үкімет басшысы Өскеменде де баға өскенін атап өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Азық-түлік инфляциясының көрсеткіштері бірқатар әкімдіктің бұл жұмысты тиімсіз жүргізіп жатқанын көрсетеді. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның 0,1 пайызға өсуі байқалды, оның ішінде Ақтөбе, Өскемен, Семей, Қызылорда бойынша, шамамен 0,2 пайыз, – деді Премьер-Министр.
Әлихан Смайылов облыс әкімдіктеріне әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасына мониторингті күшейтуді тапсырды.
– Өңір әкімдіктерінде бағаны ұстап тұру үшін қажеттінің бәрі бар. Халық қабылданып жатқан шаралардың нақты әсерін сезініп, көруі керек, – деп түйді министрлер кабинетінің басшысы.