Қазақстанда нәрестелердің көру қабілеті бойынша мүгедектігі төмендеп келеді
Елімізде жаңа туған сәбилердің ретинопатиясы бойынша мәселе сәтті шешімін тауып отыр.
Алматыда өткен «Офтальмологиядағы дәстүрлер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстанның жетекші неонаталдық офтальмологтары елімізде ретинопатия салдарынан мүгедек болған сәбилердің қатары азайып келе жатқанын айтты. Бұл дәрігерлердің, қайырымдылық қорларының және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің күш-жігерінің бірігуінің арқасында мүмкін болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қазақстанда жыл сайын 22 000-нан астам шала туған нәрестелер дүниеге келеді. Толық соқырлықтың даму қаупі жоғары аймақта 4000 бала бар, оларда көз торының ауыр дерті - шала туған нәрестелердің ретинопатиясы анықталады. 2023 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша тәуекел аймағындағы шала туған нәрестелердің 3100-ден астамы немесе 78%-ы диагностикадан өтті, олардың ішінде 927 бала жоғары білікті офтальмолог дәрігерлерден уақытылы медициналық көмек алды, олар 24-тен 72 сағатқа дейінгі уақыт аралығында көрсетілді.
Шала туған балалардың ретинопатиясын диагностикалау дәрігердің жоғары кәсібилігін және мамандандырылған жабдықтардың – офтальмоскоптардың, ретиналды камералардың, офтальмологиялық лазерлердің болуын талап етеді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың айтуынша, қайырымдылық қорларының қолдауының арқасындаҚазақстанда шала туған сәбилердің ретинопатиясы проблемасы сәтті шешілді:
Еліміздің 16 медициналық орталығы офтальмоскоптармен, 5 лазерлік қондырғылармен және 5 ретиналды камералармен қамтамасыз етілді. Офтальмологтардың, қайырымдылық қорларының энергиясы мен білімінің бірігуі, қазақстандықтар мен демеуші компанияларды қолдауы небәрі 1,5 жыл ішінде еліміздің ең кішкентай азаматтарының соқырлығын болдырмауда үлкен серпіліс жасады.
«ДОМ» қоғамдық қорының және Аружан Саинның арқасында ұзақ жылдар бойы балаларға шетелде ауыр, іс жүзінде қайтымсыз ретинопатия түрлерінде хирургиялық көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Қазақстанда және елден тыс жерлерде неонаталдық офтальмологтар үшін біліктілікті арттыру бағдарламалары ұйымдастырылуда. Елімізге алғаш рет әлемдік ауқымдағы шала туған нәрестелердің ретинопатиясын емдеу бойынша жетекші мамандар - KIDROP бірегей бағдарламасын әзірлеушілердің бірі доктор Ананд Винекар (Anand Vinekar) және балалардың витреоретиналдық хирургиясы бойынша ірі халықаралық сарапшы доктор Нихил Пал (Nikhil Pal) келді. Үндістандық мамандар шала туған нәрестелердің ретинопатия проблемасын энтузиаст дәрігерлердің белсенді қатысуымен және қайырымдылық ұйымдарын қолдаумен мемлекет деңгейінде кәсіби тұрғыдан шешуге назар аударды.
«Ерте туғандардың ретинопатиясы» жобасының бастамашысы және әзірлеушісі Әсел Үсенбайқызы Шарипова бұл мәселенің қазақстандық балалар офтальмологтарының кәсібилігі мен біліктілігіне, дәрігерлердің жанқиярлығына, олардың қиындықтарды еңсеруге және өсуге дайындығына сенетін кішкентай пациенттердің ата-аналары тарапынан саналы түрде қатысуы мен дұрыс қабылдауының, сондай-ақ қайырымдылық қорларының қолдауының арқасында еліміздегі балалар соқырлығы проблемасын шешуде осындай керемет нәтижелерге қол жеткізілді деп санайды.