Өскеменде үшем өмірге келді
Өскемендегі «Ана мен бала орталығында» үшем өмірге келді.
Сәбилердің салмағы 1 900, 1 846 және 1 435 грамм болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Нәрестелер шала туылғандықтан, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылды. Дегенмен денсаулық жағдайлары қалыпқа келіп, салмақ қосып үлгерді. Перзентханадан шығарылған кезде нәрестелердің салмағы 2540, 2342 және 2030 грамм болды», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, биылғы жылдың қаңтар және ақпан айларында өңірде 1 499 сәби дүниеге келді.
Оқи отырыңыз