KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Кейбір автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады

Шартты сурет: freepik.com

8.10.2023, 14:15 265 Мадина Амангелдіқызы

Қазақстандағы кейбір автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады.

ҚР Көлік министрінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес, 8 қазаннан бастап II және III техникалық санаттағы жолдарда ақы алу жүйесін кезең-кезеңімен іске қосу процесі басталды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Бұл жол учаскелерінде ақы алу жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті. Бүгіннен бастап "Павлодар-Семей-Қалбатау" күре жолында ақы алу жүйесі іске қосылды.  

Алдағы уақытта 5 жол учаскесінде ақы алу жүйесі іске қосылады, яғни:

2023 жылғы 9 қазанда "Бейнеу-Ақжігіт";

2023 жылғы 10 қазанда "Орал-Самара";

2023 жылғы 14 қазанда "Павлодар-Омбы";

2023 жылғы 16 қазанда "Көкшетау-Петропавл" күре жолдарында жаңа өзгеріс күшіне енеді.

Сонымен қатар "Орал-Саратов" жолында ақы алу жүйесін іске қосу туралы бұйрық келісудің соңғы сатысында тұр. Жеңіл көліктер төлемнен босатылды. Жол ақысын 2-6 санатқа жататын жүк көліктері төлейді.

Жеңіл көліктер – 0 тг/шақырым (босатылған);

16 орындық автобустар мен жүк көтерімділігі 2,5 тоннаға дейін – 5 тг/шақырым;

32 орындық автобустарға және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктеріне – 10 тг/шақырым;

32-ден астам орындық автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне – 15 тг/шақырым;

жүк көтерімділігі 10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері - 20 тг/шақырым;

жүк көтерімділігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері – 25тг/шақырым.

Ай сайынғы және жылдық абоненттік төлем қарастырылған. Жазылымның айлық құны 1-ден 5 АЕК-ке дейін болады. Жылдық абоненттік құны 12-ден 60 АЕК-ке дейін болады.

 Абоненттік төлем туралы толығырақ ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив