"Қалбатау – Павлодар". Қазақстандағы ақылы болатын жолдар
Қазақстанда ақылы болатын жолдар тізімі анықталды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Жолдарды ақылы қылу екі кезеңнен тұрады.
– Бірінші кезеңде, 2020-2021 жылдарда алты мың шақырым жол ақылы болады. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Нұр-Сұлтан – Қостанай – Ресей шекарасы, Щучинск – Петропавл, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қалбатау – Павлодар – Ресей шекарасы (Омбыға дейін), Таскескен – Бақты, Қапшағай – Талдықорған, Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы және Ақтау – Бейнеу, – делінген министрлік ақпаратында.
Екінші кезеңде 2020-2023 жылдары бес мың шақырым жол ақылы болады.