KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда сыртқа көмір шығаруға салынған тыйымның мерзімі ұзартылды

Фото: Тілеубек Шаяхметов

19.10.2023, 20:17 252

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел аумағынан тыс жерге автомобильмен көмір тасуға салынған тыйымның мерзімін ұзартты. Мерзім биыл 26 қарашадан бастап 6 айға ұзартылады.

Бұл шара халық арасында жылыту маусымында көмір тапшылығын болдырмау үшін ойластырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Дәлірек айтқанда, шектеу шаралары мынадай түрлерге қолданылады:

- тас көмір, ұнтақталған немесе ұнтақ емес, бірақ агломерацияланбаған (СЭҚ ТН коды 2701);

- лигнит, қоңыр көмір, агломерацияланған немесе агломерацияланбаған, гагаттан басқа (СЭҚ ТН коды 2702).

– Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен көмірді әкетуге тыйым салуды белгілеудің орындылығы 2023 жылғы 20 қыркүйектегі сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында қаралды және қолдау тапты, – деп жазылған министрліктің хабарламасында.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив