KZ
Өскемен
-4°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Елде майлы дақыл түсімі төмен

12.11.2023, 21:22 363 Назерке Каримова

Былтырғы көрсеткіштен 30-40% төмен болады деген болжам бар. Бұл деректі Ұлттық майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығы жария етті.

Сарапшылардың айтуынша, жиналған өнім 850 мың тоннадан аспайды. Бұл – құрғақшылықтың әсері, - дейді мамандар. Енді өсімдік майын өндіретін зауыттарда шикізат тапшылығы туындайды. Сол себепті Қазақстан күнбағыс дәнін Ресейден тасымалдауы мүмкін. 

- Майлы дақылдар шикізаты елімізден шығарылмауын бейнді министрліктер бақылауға алуы керек. Бірақ қазір баж салығы енгізілгеніне қарамастан сыртқа сату тыйылар емес. 2022-2023 жылдардағы маусымдық аралықта 300 мың тоннадан астам майлы дақыл шетел асырылған. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 40%-ке көп, - дейді Ұлттық майлы дақылдар өңдеушілер қауымдастығының атқарушы директоры Александр Яшков. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу