1 қаңтардан бастап барлық балаға ақша беріледі
Фото: inbusiness.kz
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қордан 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сомада қаржы аударыла бастайды.
Бұл туралы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– Ұлттық қор төлемдерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап аударады. 18 жасқа толмаған барлық балаға бірдей сома аударылады. Ал кәмелет жасына 2024 жылы толатын балалар сол қаражат шотына түскен кезден бастап өтінім беріп, Ұлттық қор ақшасын пайдалану мақсатын растайтын құжатты көрсету арқылы әрі қарай бұл қаражатты пайдалана алады, - деді Қаржы министрлігінің бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин.
Оқи отырыңыз