Қаңтардан бастап зейнетақы өседі
2021 жылдың бірінші қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға артады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалы директорының орынбасары Жанат Өмірғалиева хабарлады.
Жауапты тұлғаның айтуынша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап, айлық есептік көрсеткіш – 2 917 теңге, ең төменгі зейнетақы – 43 272 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 18 524 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 302 теңге, ал жалақының ең төменгі мөлшері – 42 500 теңге мөлшерінде белгіленетін көрінеді.
– Жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 7 пайызға артады, - деді Жанат Өмірғалиева. - Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақылардың, мүгедек баланы тәрбиелеушілерге төленетін жәрдемақылардың, І-ші топтағы бала жасынан мүгедектерді күтушілерге төленетін жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күн-көріс деңгейінің өзгеруіне байланысты арттырылады.
Жәрдемақылардың басқа түрлері мен бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты төленетін әлеуметтiк төлем айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты арттырылады.
Атап айтсақ, жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасының 10 пайызы түскен жағдайда бірінші балаға – 18 669, екінші балаға – 22 072, үшінші балаға – 25 443, төртінші және одан көп балаға – 28 847 теңге төленеді.

Оқи отырыңыз