KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Зейнеткерлер мен студенттер де декларация тапсырады

Фото: nalogikz.kz

15.12.2023, 20:37 328 Айна Ескенқызы

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есептілігін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық қазақстандықтар, оның ішінде студенттер мен зейнеткерлер де тапсыруға тиіс.

 

Бұл туралы Сенатта өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

 - Кіріс декларациясын, 250-форманы барлығы тапсыруы керек. Онда барлық активтер көрсетіледі. Барлығы, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санатына жататын зейнеткерлер мен студенттер де тапсыруға тиіс. Біздің бағалауымыз бойынша, төртінші кезеңде есептілікті 6,5 миллионнан астам адам тапсыра алады, - деді Біржанов.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, жалпы декларациялау жүйесіне 13 миллион адам қатысады.

- Бірақ болашақта, егер 2026 немесе 2027 жылдары зейнеткер тек зейнетақы алып, кәсіпкерлік қызметпен айналыспаса, онда ол декларацияны тапсырмайтын норманы қарастыратын боламыз. Біз ол бойынша деректерді автоматты режимде алатын боламыз, - деп қосты вице-министр.


 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу