Биыл Қазақстан балалары Ұлттық қордан 700 миллион доллар алады
Фото: aikyn.kz
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов биыл Ұлттық қордан балаларға 700 миллион доллар бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сүлейменовтың айтуынша, "Балаларға арналған ұлттық қор" жобасына 7 миллионға жуық бала қатысады. Бағдарламаның операторы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазір тізімді сәйкестендіріп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылы Ұлттық қордан қанша бала ақша алатыны айтылған еді. Екі аптадан кейін Қазақстанда кәмелетке толмағандардың арнайы шоттарына ұлттық қордан төлемдер түсе бастайды. БЖЗҚ жобасының операторы қатысушылардың тізімін жасап қойған. Биыл қаңтарда 18 жасқа толғандарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады.
Жанаргүл Мұқатай