"Ұлттық қор - балаларға": БЖЗҚ төлем алатын балалардың тізімін жасады
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында биыл алғашқы болып төлем аударылатын балалардың тізімін жасады.
Тізім ақпан айында жарияланады, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.
БЖЗҚ баспасөз қызметінің таратқан ақпараты бойынша комиссия 2024 жылы төлем аударылатын 7 миллионға жуық баланың тізімін бекітті. Тізім 1 ақпанда жарияланады.
"Қазір тізім жасалды. Тізімде 7 миллионға жуық бала бар. Олардың бірқатары — биыл 18 жасқа толатын балалар", - делінген БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарламасында. Жинақты азаматтар екі мақсатқа пайдалана алады: тұрғын үй алуға немесе оқу ақысын төлеуге. Еске сала кетейік, бұған дейін БЖЗҚ өкілдері бұл бағдарлама бойынша делдал қызметін ұсынатын алаяқтар пайда болғанын ескерткен болатын.
Жанаргүл Мұқатай
Оқи отырыңыз