KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ұлттық қордан алғашқы төлемді қанша бала алатыны айтылды

фото: anatili.kazgazeta.kz

16.01.2024, 20:00 134 Ынтымақ Толқын

"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ "Ұлттық қор - балаларға" жобасы бойынша қаражат алатын қазақстандықтардың тізімін жасады.

БЖЗҚ өкілдері аталмыш жоба бойынша алғашқы төлемдер биыл ақпанда берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Altyanews.kz тілшісі. 

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор - балаларға" жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Оған сәйкес барлық балаға жыл сайын ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы есептеледі.

Балалар 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық кіріс мерзімінен бұрын алу құқығынсыз есептеледі. Бала 18 жасқа толғанда БЖЗҚ-да оған арналған нысаналы жинақтау шоттары ашылып, ондағы ақшаны тұрғын үйге және білім алуға пайдалануға болады.

- БЖЗҚ жобасының операторы "Ұлттық қор - балаларға" жобасы бойынша алғашқы трансферттерді алатын қазақстандықтардың тізімін жасап қойды, 2024 жылы 18 жасқа толатындарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады. Тізім тексеріліп жатыр, - деді БЖЗҚ-ның баспасөз қызметі.

Ата-аналар баласының бағдарламаға қатысушы болғаны туралы ақпаратты egov.kz порталындағы жеке кабинеттен біле алады.

БЖЗҚ 18 жасқа дейінгі балалар туралы деректерді (ТАӘ, ЖСН) "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер қорынан алады. Бір балаға арналған мақсатты талаптардың сомасы осы мәліметтер негізінде есептеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив