KZ
Өскемен
-6°
туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Елімізде соңғы 5 тәулікте 1900-ден астам жер сілкінісі болған

Фото hespress.com

27.01.2024, 15:00 325 Қызырбек Дүргінбайұлы

Алматыда болған жер сілкініс елді біраз дүрбелеңге салды. Алайда қазір жағдай тұрақты.

 

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы 2024 жылғы 23 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында 1900-ден астам жер сілкінісі болғанын хабарлады. Оның 11-і нақты сезілген, деп хабарлайды Altainews.kz сайты BAQ.KZ порталына сілтеме жасап.

 

Бұл жер сілкінісі Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған қатты жер сілкінісімен байланысты.

– Әдетте, мұндай жер сілкіністерінен кейін көптеген афтершок болады, бұл әлі де байқалады. Бұл процестің қанша уақытқа созылатыны көптеген факторға, соның ішінде жер сілкінісінің эпиорталығы орналасқан аймақтың сейсмикасына және жер жағдайына байланысты, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бірте-бірте сейсмикалық белсендіру процесі әлсірейді және ол қалыпты режимге оралады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу