KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 5 м/с, В
480.55 533.75 5.36

90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы мүшесі ұсталды

Фото видеодан алынды

31.01.2024, 22:11 129 ALTAINEWS

Қазақстанда 90-жылдары ауыр қылмыс жасап, 26 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыстық топтың соңғы мүшесі қолға түсті.

 

Ақмола облысының полицейлері қылмыстық топтың мүшесі болған азаматты 26 жылдан кейін ұстады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Polisia.kz сайтының мәліметі бойынша, банда 1998 жылдары аса ауыр қылмыс жасаған. Қаруланып алған олар тәртіп сақшыларының киімін киіп алып, қала сыртындағы автожолдарға шығып, арнайы таяқтың көмегімен автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілерді тонап, бірнеше адамды өлтірген. Өлген адамдардың денелерін орманға апарып, көміп тастап отырған. Олардың автокөліктерін сатқан.

 

Қылмыстық топта 6 адам болған. 1999 жылы банданың 4 мүшесін полиция қызметкерлері ұстады. Сот үкімімен олардың екеуі өлім жазасына кесіліп, тағы 2 адам ұзақ уақытқа бас бостандығынан айырылған.

 

Ал 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген қылмыстық топтың тағы бір мүшесі құжаттарын, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын, тіпті түрін өзгертіп алғаны анықталды. Сол адамды полиция 27 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде Көкшетау қаласынан ұстады.

 

Қазір күдікті уақытша қамау изоляторына қамалып, тергеліп жатыр.

 

Жанаргүл Мұқатай

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив