KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Қазақстан-Қытай шекарасы автокөлік үшін үш күнге жабылады

Фото: kaz.orda.kz

18.03.2024, 21:13 333 Айжанат Бақытқызы

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, Қазақстан-Қытай шекарасы автокөлік үшін үш күнге жабылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

- Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасында 2024 жылғы 21-23 наурыз аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды, - делінген хабарламада.

Комитет теміржолдағы өткізу пункттері әдеттегідей жұмыс істейтінін атап өтті және тасымалдаушылар мен азаматтарды аталған шектеуді ескере отырып, маршрутты алдын-ала жоспарлауға шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу