Оқушылардың білім жетістіктеріне мониторинг басталды
Фото: ru.freepik.com
15 сәуірден бастап ел мектептерінде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталды. Оған 2462 мектептегі төртінші және тоғызыншы сыныптардан 150 мың оқушы қатысады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
ББЖМ 3 мамырға дейін жалғасады. Осы жылы тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық бағалау жүйелерін ескере отырып жаңартылды.
ББЖМ – бұл оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, оқу процесінің мықты және әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік беретін, оқушылардың білім сапасын анықтайтын қазақстандық ұлттық зерттеу. Түпкілікті нәтиже – білім беру сапасын арттыру үшін әр аймақ пен нақты мектеп бойынша кешенді талдау мен әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.