KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.85 474.3 4.8

Мектеп оқушыларының білім сапасына баға берілмек

Фото: m.censor.net

3.04.2024, 17:30 543 Ынтымақ Толқын

15 сәуірден бастап қазақстандық мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталады.

Биыл тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық бағалау үлгілерін ескере отырып жаңартылды,деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тестілеуге 2462 мектеп бойынша 4 және 9 сыныптан 150 мыңға жуық оқушы қатысады.

- Мониторинг сауаттылықтың үш бағыты бойынша жүргізіледі: оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану. Оқушылар тестілеуді компьютермен тапсырады. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, білім беру жетістіктерінің әртүрлі мәндік факторларын анықтау үшін ББЖМ шеңберінде сауалнама жүргізіледі. Сауалнама оқушыларға, педагогтерге, мектеп басшыларына және төртінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған, - дейді «А.Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-ның төрағасы Мағжан Аманғазы.

Айта кетелік, ББЖМ 26 сәуірге дейін жалғасады. Қазір қазақстандық ББЖМ жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив