Президенттің «Өркен» білім грантын тағайындауға іріктеу байқауы басталды
ҚР Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу байқауы басталды. Іріктеуден өткендер Назарбаев зияткерлік мектептерінде тегін оқи алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Үміткерлер қабілетін бағалауға арналған тестілеуден (математика, жаратылыстану және сандық сипаттамалар) өтеді. Сондай-ақ, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілінен тест сынақтарын тапсырады.
Іріктеу екі күнге жалғасады. Кешенді тестілеудің нәтижелері 40 тәулік ішінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің ресми сайтында жарияланады.
Еске салайық, Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді меңгеру қабілеттілігін анықтау бойынша тест үш бөлімнен тұрады:
- Математика – 40 тапсырма;
- Сандық сипаттамалар – 60 тапсырма;
- Жаратылыстану – 20 тапсырма.
Тілдік тест:
- Қазақ тілі – 20 тапсырма;
- Орыс тілі – 20 тапсырма;
- Ағылшын тілі – 20 тапсырма.
Екі кешенді тест тапсырмаларын орындауға әрқайсына 120 минуттан беріледі.
Кешенді тестілеудің нәтижелері теңестірілген балл түрінде шығарылады. Мүмкін болатын максималды теңестірілген балдың жалпы саны – 1500 балл. Оның ішінде:
- Математика – 400 балл;
- Сандық сипаттамалар – 300 балл;
- Жаратылыстану – 200 балл;
- Қазақ тілі – 200 балл;
- Орыс тілі – 200 балл;
- Ағылшын тілі – 200 балл.