KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
525.11 546.74 4.88

Қазақ спортшыларының Олимпиадада киетін киімі таныстырылды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

18.04.2024, 19:54 167 Ержан Әбіш

Мәжіліс отырысында депутаттарға Қазақстан спортшыларының Париж Олимпиадасына киіп баратын киім үлгілері таныстырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

– Азия ойындарынан кейін бірқатар сұрақ туындаған болатын. Соның негізінде БАҚ өкілдеріне, қоғамдық ұйым, спортшылардан арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеді. Ең бірінші нұсқа – Ту ұстап шығатын Асланбек Шымбергенов пен Надежда Дубовицкаяның киімі. Екеуі де ұлттық нақышта тігіледі. Ер адамның киімінде бөрік болса, қызда сәукеле бар. Арнайы комиссияға 15 ұйымның өтінімі түсті. Сол 15 өтінімнен таңдап алынды. Ал қалған спортшыларымыз парадқа киіп шығатын форма классикалық үлгіде болады. Ол кезде Парижде ыстық болатынын білесіздер. Сондықтан арнайы матадан жеңсіз нұсқасы тігіледі. Ер спортшылардың басында тақия, қыздар формасының бір үлгісінде шалбар, екінші нұсқасында юбка болады. Екі нұсқасы да болады, – деді спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Комитет басшысы биыл спортшылардың олимпиадалық формасы тағы бір түрмен толыққанын атады.

– Сонымен бірге парадтық спорт формасы бар, спортшыларымыз марапаттау рәсімінде киеді. Оның да ерлерге және қыздарға арналған нұсқасы бар. Сондай-ақ спорттық форма бар. Бұған дейін спорт формасы мен парадтық спорт формасы біреу болатын. Қазір біз спортшыларға ыңғайлы болу үшін шетелдік бренд – Joma-дан толық 16 нұсқалы киім алып береміз. Оны спортшылар жолда, дайындық кезінде киеді. Бүкіл форма демеушілердің есебінен алынады. 15 нұсқадан осы үлгі таңдап алынды. Енді тіге бастаймыз. Бұл жолы бұл киімдерді спортшыларға ойындардың басталуына 35 күн қалғанда таратамыз, – деді Ербол Мырзабосынов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу