Тағы екі қазақ боксшысы Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Қазақ боксшылары Махмұд Сабырхан мен Асланбек Шымбергенов Парижде өтетін Олимпиадаға екі лицензияны жеңіп алды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Zakon.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сабырхан лицензиялық турнирдің 1/4 финалында тәжікстандық Асрор Вохидовпен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Шымбергенов ширек финалда әзірбайжандық Сархан Әлиевті жеңді. Есеп 5:0.
Бұған дейін қазақ боксшылары Айбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.
Оқи отырыңыз