KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Ел тұрғындары киноға жиі бара бастады

Фото: freepik.com

22.04.2024, 23:21 5 812 Ержан Әбіш

Елімізде 3924 қоғамдық кітапхана, 3069 мәдени-демалыс ұйымы, 275 мұражай, 230 ойын-сауық және демалыс саябағы, 113 кинотеатр, 74 театр, 43 концерт ұйымы, 11 хайуанаттар бағы, 3 цирк жұмыс істеп тұр.

2022 жылмен салыстырғанда былтыр келушілердің ең үлкен өсімі мына салаларда тіркелген: концерт – 23,3%, кино – 23,2%, цирк – 11,9%, театр – 10,2%, хайуанаттар бағы – 3,9%, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен жылы театрлар 16,5 мың, ойын-сауық және демалыс саябақтары 7,1 мың және концерт ұйымдары 6,4 мың мәдени-бұқаралық шара өткізген. Осылайша 2023 жылы мәдени-бұқаралық шаралар саны 2019 жылдан кейін алғаш рет пандемияға дейінгі деңгейге оралды.

Киноға барушылар саны республикалық маңызы бар қалаларда ең көп: Алматы – 7111,6 мың, Астана – 4346,7 мың, Шымкент – 1721,4 мың.

Мұражайға барушылардың ең көбі – Түркістан облысы (1285,8 мың адам) мен Астана қаласында (890,4 мың адам).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу