Арматура бағасы қатаң қадағаланып отыр

Фото: expo-snab.kz
Су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіруге қажетті арматураның бағасы қадағалауда болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов мәлімдеді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және еліміздің арматура шығаратын кәсіпорын басшыларымен өткен жиында су тасқынынан зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына отандық кәсіпорындардың өнімдерін пайдалану бойынша мәселе көтеріліп, кәсіпорындарға өнім түрінің сапасы мен көлемін арттыруды тапсырды және елде орын алған жағдайға байланысты баға саясатын тұрақты ұстап тұру бойынша баса айтылды.
Елімізде арматура шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Кәсіпорындардың жалпы жылдық қуаттылығы – 1932 мың тонна. 2023 жылы 924 мың тонна өнім өндірілген.