Ресей Қазақстанға экспортталатын қантқа шектеу қойды
Фото: animals-land.ru
Ресей Федерациясы үкіметі елдегі қант экспортына уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Baq.kz сайтына сіілтеме жасап.
Алайда қант жеткізу Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне шектеулі көлемде рұқсат етіледі.
Белгілі болғандай, Ресейде қант пен химиялық таза сахарозаны сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынады.
– Шектеу 2024 жылғы 31 тамызға дейін қойылды. Шешім ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын қолдауға бағытталған, – делінген хабарламада.
Осы орайда қантты жеткізу көлемі: Арменияға – 28 мың тонна, Белоруссияға – 5 мың тонна, Қазақстанға – 120 мың тонна, Қырғызстанға – 28,5 мың тонна деп белгіленген.
Оқи отырыңыз