KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 4 м/с, С
473.95 513.38 5.5

Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 166 жыл

Фото: darminaopel.ru

11.07.2024, 09:38 95 Ержан Әбіш

Бүгін ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 166 жыл толды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Шәкәрім өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипатын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына жол көрсетуде Абай бағытын ұстанды.

Сыршыл ақынның қаламынан терең ойлы, лирикалық өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты дастандар, «Әділ-Мәрия» романы және басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды.

Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына арқау болды.

Ұлы тұлғаның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік, көңілді қозғайтын сыршылдығымен жүректен өз орнын алды. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив