KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Үкімет басшысы ШҚО-дағы фармацевтика өндірісімен танысты

19.07.2024, 18:40 494 Серік Құсанбаев

Премьер-Министр Олжас Бектенов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «TAKURRA» ЖШС медициналық техника және медициналық бұйымдар өндіретін отандық зауытта болып, кәсіпорынның әлеуетімен танысты, деп хабаплайды  Altainews.kz тілшісі.

Отандық компания – ТМД аумағында жоғары дәлдіктегі автоматты ИХЛ (иммунохемилюминесцентті) анализаторларының жалғыз өндірушісі. Қанды зерттеуге арналған құралдың көмегімен 14 минут ішінде бірден 20 көрсеткіш бойынша нәтиже алуға және 150-ден астам ауруды ерте кезеңінде анықтауға болады. Зауыттың өндірістік қуаты – 360 анализатор мен 1,5 млн реагент жиынтығын құрайды.

Премьер-Министрге «TAKURRA» ЖШС бас директоры Андрей Кайзер компанияның мемлекеттік ауруханалардағы шетелдік анализаторларды отандық анализаторлармен ауыстыруға дайын екені туралы хабарлады.

«Мемлекет басшысы сатып алудағы қазақстандық қамтуды және отандық тауар өндірушілермен офтейк-келісімшарттар үлесін арттыру міндетін қойды. Біз импортты алмастыруға ұмтыламыз. Денсаулық сақтау министрлігіне отандық анализаторлар үлесін біртіндеп арттыру бойынша талдау жүргізіп, мәселені зерделеуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысына қазіргі модульдік автоматтандырылған ПТР-сынақ жүйесін іске қосу және отандық өндірістегі медициналық бұйымдарды шығару жоспарлары туралы да баяндалды.

Фото: primeminister.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу