KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Премьер-министр тағайындалды

Фото: Ақорда

6.02.2024, 15:17 308 Оразай Жеңісұлы

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Былтыр Бектенов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Антикор басшысы қызметін атқарып келген.

Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кеткен болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив