KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Әскерге шақырылатындар санын арттыру жоспарланып отыр

фото: gov.kz

5.08.2024, 15:01 81 Ержан Әбіш

Қорғаныс министрлігі Қазақстанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақырылушылар санын арттыруды жоспарлап отыр. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі Президенттің 1 ақпандағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын орындау үшін әскерге шақырылушылар санын көбейтеді.

­– Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі 40148 ер азамат 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақырылады, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 39 180 қазақстандық әскер қатарына шақырылып жатыр. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив