KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
485.04 525.98 5.04

Гранттардың көп бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға берілді

9.08.2024, 14:09 75 Айжанат Бақытқызы

2024-2025 оқу жылына бакалавриатқа 78 мыңнан астам грант бөлінді. Гранттардың ең көп бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бір гранттық орынға ең үлкен конкурс «Стоматология» білім беру бағдарламасы бойынша болды. Бұл мамандық бойынша бір орынға 35 талапкер таласты.

Әрі қарай «Халықаралық қатынастар және дипломатия» (11 адам), «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» (10 адам), «Аударма ісі» және «Психология» (9 адам) болды.

  

Сондай-ақ зардап шеккен 6 өңірдің (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, БҚО, Қостанай, СҚО) мектеп түлектері үшін 20% мөлшерінде квота көзделген.

Айта кетейік, су басқан өңірлерден 20 мыңнан астам түлек гранттар конкурсына қатысуға өтініш берген.

Төтенше жағдай өңірлерінің түлектері алдымен жалпы конкурсқа қатысты және 10 мыңнан астам адам барлық талапкерлермен бірдей жалпы конкурс бойынша өтті. Төтенше жағдай квотасы аясында 5 мыңнан астам адам грант алды.

1130 адам қаңтар немесе наурыз айындағы ҰБТ сертификаттарын пайдаланды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив