KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Саясат Нұрбек: Талапкерлердің грант алу мүмкіндіктері әлі де бар

t.me/SayasatNurbek

4.08.2024, 19:00 151 Назерке Каримова

Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады.

Бірақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үміт үзбеу керектігін, грант алу мүмкіндігі әлі де бар екенін жазды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Биылғы конкурсқа қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болған. Жоғары балл жинаған 10 мыңнан астам адам грант ала алмады, оның ішінде 7 мыңнан астамы шығармашылық мамандықтар бойынша екенін айту қажет.

Мысалы, дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау бойынша 1 орынға 11 адам, сән және дизайн бойынша 9 адам, ал стоматологияға 1 орынға 35 адамнан келді.

– Соңғы уақытта елімізде орын алған су тасқыны бүкіл елге ортақ сынақ болды. Осы жағдайға байланысты, біз жоғары білім алуға гранттардың аз ғана бөлігін зардап шеккен өңір түлектеріне бөлдік. Саны көп те емес, 5112 грант. 20 мыңнан астам түлек су басқан өңірден бітірсе, соның 10 мыңнан астам түлегі өздеріңізбен бірдей жалпы конкурспен өтті. Біз оны әділ және ашық түрде бөлуге бар күш-жігерімізді салдық, – деді министр. – Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар үшін квота қарастырылғанымен, сол аймақтардың талапкерлері жалпы конкурс бойынша грант ұтып алды. Грант алғандардың тек 1130-ы немесе 1,7%-ы мүмкіндікті пайдаланды. Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді, және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді.


Грант алу мүмкіндігі әлі де бар:

  • 3 мыңға дейін талапкер гранттан бас тартуы мүмкін, олар келесі жоғары балл жинаған талапкерлерге беріледі.
  • Жергілікті атқарушы органдардың яғни әкімдік гранттары бар.
  • KazEnergy қауымдастығының гранттарын қосыңыз.
  • Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-де білім алу үшін Түркия Республикасының 500 гранты.
  • Жұмыс берушілердің гранттары.
  • Түркістандағы Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті 800 мақсатты грант ұсынады.
  • Қазақстан халқына қоры 850 грант бөледі.
  • Ректорладың гранты, мысалы Тұран-Астана университеті Алтын белгі иегерлеріне гранттар бөлуде.
  • Сессия қорытындысы бойынша бос грант алу мүмкіндігі және бар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу