KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 0,7 м/с, СШ
478.89 528.74 5.29

Биыл елімізде 94 мыңнан астам білім гранты бөлінді

фото: pstu.su

5.08.2024, 21:13 91 Айжанат Бақытқызы

2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жалпы грант саны 94 мыңнан астам. Оның ішінде 78 мың грант бакалавриат студенттеріне, 13 мың грант магистратураға берілсе, 3 мың грант болашақ докторанттарға қарастырылған.

99 пайыз грант 4 жылда тұңғыш рет игеріліп, су тасқынынан зардап шеккен өңір талапкерлеріне 15 382 грант берілген.

Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары үшін 1 890 грант бөлінген. Одан бөлек, 5 000 нысаналы грант 100 пайыз, ауыл шаруашылығы мен ветеринария бағытындағы гранттар толық игерілген.

Айта кетсек, биыл 104 121 түлек грантқа өтінім берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 мың адамға артық көрсеткіш.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив