KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Айыппұлдың кейбір түрінің мөлшері 10 есеге артуы мүмкін

Фото: depositphotos.com

9.08.2024, 12:13 78 Айжанат Бақытқызы

«Ашық НҚА» порталында жарияланған әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар туралы құжатта айыппұлдардың жаңа мөлшері көрсетілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілерді жойғаны үшін салынатын айыппұлдар

Ұсынылған түзетулерде "жер асты суларына бақылау және режимдік ұңғымаларды, су объектілеріндегі байқау режимдік жармаларын, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық пункттер мен белгілерді жойғаны немесе бүлдіргені" үшін айыппұлдарды 10 есе ұлғайту керек делінген.

Айыппұлдың қазіргі мөлшері:

жеке тұлғаларға - 5 АЕК;

лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілерге - 70 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілерге - 100 АЕК.

Қалай өзгереді?

жеке тұлғаларға - 50 АЕК;

лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 300 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілерге - 700 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілерге - 1000 АЕК.

Еске салайық, 2024 жылы бір АЕК мөлшері 3692 теңге.

Су объектілерін басқаны үшін салынатын айыппұлдар

Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу туралы бапқа айыппұл мөлшеріне қатысты өзгерістер енгізу ұсынылады.

Айыппұлдың қазіргі мөлшері:

жеке тұлғаларға - 30 АЕК;

лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 40 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілерге - 60 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілерге - 260 АЕК.

Қалай өзгереді?

жеке тұлғаларға - 150 АЕК;

лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 200 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілерге – 300 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілерге - 1300 АЕК.

Бұзушылықтың тұжырымдамасы да өзгереді.

Дейін:

«Су объектілерін заңсыз басу, оның ішінде сарқынды және басқа да суларды ағызу, суды заңсыз пайдалану, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын бұзатын тікелей немесе жасырын нысанда басқа да мәмілелер жасау».

Кейін:

«Су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын бұзу (сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, кепіл беру және мемлекеттік меншік құқығын беруге әкеп соғатын басқа да мәмілелер жасау)».

Суды мақсатсыз пайдаланғаны үшін салынатын айыппұлдар

 

Су ресурстарын мақсатсыз пайдалану туралы тармаққа айыппұл мөлшеріне қатысты өзгерістер енгізу жоспарланып отыр.

Айыппұлдың қазіргі мөлшері:

жеке тұлғаларға - 10 АЕК;

лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 20 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілерге – 30 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілерге - 170 АЕК.

Қалай өзгереді?

жеке тұлғаларға - 50 АЕК;

лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерге немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 100 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілерге - 150 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілерге - 850 АЕК.

Бұзушылықтың тұжырымдамасы да өзгереді.

Дейін:

«Лимиттерді бұзу арқылы су алу, рұқсат етілген көлемдерден асып кету, суды пайдаланудың белгіленген режимдерін сақтамау, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргізу, су объектілерінен өндірілген немесе бұрылған жерасты және жер үсті суларын ұтымсыз, мақсатсыз пайдалану».

Кейін:

«Арнайы су пайдалану құқығының болмауы, су ресурстарын мақсатсыз пайдалану, су пайдаланудың рұқсат етілген көлемінен асып кету, бекітілген су режимін және арнайы су пайдаланудың басқа да шарттарын сақтамау».

Заң жобасы 8 тамызда жарияланды және 22 тамызға дейін талқыланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу