Қазақстанда қанша жұмыссыз бар?
Фото: depositphotos.com
2024 жылғы 12 тамызда Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы еңбек нарығындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2024 жылғы II тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.
Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9, 19 млн адам жұмыспен қамтылды, олардың 6, 9 млн (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,9%) жалдамалы қызметкер болса, 2, 2 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 24,1%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,9% құрады.
15-34 жастағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2% құрады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы шілде айының соңына 338,7 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,5%-ын құрады.