KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Жол құрылысында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану керек - Президент

2.09.2024, 11:59 144 Ынтымақ Толқын

Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Алдағы уақытта бағдарламаның ауқымы кеңейіп, тағы 10 мың шақырым жол қамтылады. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

- Автокөлік жолдарының жай-күйі – өзекті мәселе. Мен бұл туралы осыған дейін де айттым. Биыл елімізде 12 мың шақырымға жуық жол салынып, жөнделіп жатыр. Қазақстанда мұндай ауқымды жұмыс бұрын-соңды болмаған. Астана-Алматы, Ақтөбе-Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен бағытындағы күре жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды, - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы атқарылып жатқан жұмыстың сапасына ерекше маңыз беру қажеттігін айтты.

– 2,5 мың шақырымға созылатын облысаралық және ауданаралық жолдарды орта деңгейде жөндеуге арналған бағдарламаның мән-маңызы зор. Дәл осы жолдармен жұрт өте жиі жүреді. Сондықтан бағдарламаның ауқымын кеңейтіп, оған кемінде 10 мың шақырым жолды қамтуды тапсырамын. Әрине, мұнда саннан гөрі сапа маңыздырақ. Сол үшін инновациялық заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданған абзал. Бұл жұмысқа қоғамдық бақылауды күшейту үшін бірыңғай цифрлық платформаны іске қосқан жөн. Онда барлық жолды, соның ішінде, қала аумағындағы жолдарды салуға және жөндеуге қатысты ақпарат болуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив