Банктердің қосымшалары бір-бірінің QR-кодтарын оқи алатын болады
Фото: ru.freepik.com
Ұлттық банктің басқарма төрағасы Тимур Сүлейменов түрлі банктердің төлемдерін өзара қабылдайтын ортақ QR-код жылдың соңында пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
– Бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жүйені бірыңғай QR немесе түрлі банктердің QR коды деп те атауға болады. Бұл – мәселенің техникалық жағы. Оңай болу үшін бірыңғай QR десек те болады. Мұндағы идея 100 пайыз Ұлттық банкке тиесілі Ұлттық төлем корпорациясының түрлі банктер қолданысқа шығарған QR-кодтарды өзара оқи алатын жүйе әзірлеуіне құрылған. Дүкенде QR-код арқылы төлем жасағыңыз келсе, «Halyk немесе Kaspi бар ма?» деп сұрайды. Halyk-тың картасымен Kaspi терминалында төлем жасай алмайсың және керісінше. Бұл тұтынушыларға да, банктердің өзіне де қолайсыз деп ойлаймын. Өйткені транзакцияның бір бөлігі кетіп жатыр деген сөз, – деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.
Банктер де мұндай жүйенің тиімді болатынын, өздеріне белгілі бір экономикалық пайдасы болатынын түсініп отыр. Жыл аяғына дейін жүйе қанатқақты режимде енгізіліп, сынақтан өткізіледі. Ал келесі жылдың басында жоба толыққанды іске асып, бүкіл банктер қосылады.
Оқи отырыңыз
Банктердің мобильді қосымшаларында жаңа жүйе пайда болды. Қызметі қандай?ШҚО-да «Suńqar» мезеттік төлемдер жүргізу жүйесі жұмыс істей бастадыЕлімізде тауарлар мен қызметтерге ақы төлеудің жаңа жүйесі іске қосылады2024 жылы Kaspi Gold-ты қалай қолдануға боладыБала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақыны 1600-ден астам жас ана онлайн рәсімдеді - ШҚО