ҚР Оқу-ағарту министрлігі жеке мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсетуді ұсынды

ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын таныстырды. Заң жобасында бес новелла қарастырылған, олардың бірі әлеуметтік осал отбасылардың шыққан санатындағы балаларды қамтиды.
Таныстыру барысында министр заң жобасының басқа да жаңалықтарына тоқталды. Бұл - қосымша білім беру ұйымдары үшін рұқсат құжаттарын ұсына отырып, өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама тәртібін енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн-оқыту мен академиялық ұтқырлық қағидатын енгізу.