KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жекеменшік мектептерде оқитын балалар да ыстық тамақпен қамтылады

depositphotos.com

17.10.2024, 14:30 81 Ержан Әбіш

Жекеменшік мектептерде білім алатын балалар да ыстық тамақпен қамтылатын болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың жауабында айтылған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

«Меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде балалардың жекелеген санаттарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қолдау алуға көмек көрсетуді, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларына және халықтың әлеуметтік осал санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды көздейтін түзетулер Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық жасаған „Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы“ заң жобасына енгізілген. Заң жобасы республикалық бюджет комиссиясы отырысында қолдау тапты және 11 мемлекеттік органмен және 20 жергілікті атқарушы органмен келісілді. Қазіргі уақытта заң жобалары Парламент Мәжілісінде қаралуда», – деді Үкімет басшысының орынбасары жауабында.

Вице-премьердің атап өтуінше, Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекеттік бақылау білім беру ұйымдарының меншік нысанына қарамастан бару арқылы профилактикалық бақылау, мемлекеттік аттестаттау, біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру және жоспардан тыс тексеру арқылы жүргізіледі. Оның үстіне әрбір жекеменшік ұйым мемлекеттік білім беру ұйымы сияқты, бес жылда бір рет мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтеді. Бұл рәсім білім беру қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауға бағытталған.

«Сонымен қатар білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін білім беру ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарына кемінде 90 пайыз штаттық педагогтердің, интернеттің ең төменгі жылдамдығының болуы, тиісті педагогикалық бейін бойынша және менеджмент саласындағы басшыларға арналған курстардан өткен басшы мен педагогтердің біліктілік талаптарына сәйкестігі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді», – деді Тамара Дүйсенова.


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу