KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да көктемгі егіс науқаны аяқталды

Фото: Махаббат Ахметжанова

18.06.2024, 16:45 242

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары 645,1 мың гектарға жетеді. Бұл өткен 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6,7 мың гектарға артық.

Шаруалар 45,1 мың гектар егістікке 68 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарының кондициялық тұқымын сепкен, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Өңірде майлы дақылдардың егіс алқабы да өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай ұлғайған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сүйенсек, майлы дақылдардың көлемін ұлғайту импортты жергілікті өнімдермен алмастыру қажеттілігінен туындаған. Ол өсімдік майының бағасына да оң әсер ететін көрінеді.

Егіс алқаптарының көлемі де ұлғайған, оның ішінде жемшөп дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 3,3 мың гектарға артып, 125 мың гектарға жеткен.Ал көкөніс және бақша дақылдары 6,1 мың гектарға (былтырғыдан 0,1 га артық), картоп 11,6 мың гектарға (былтырғыдан 0,6 га артық) жетті.

Көктемгі егіс жұмыстары кезінде агроқұрылымдарды қолдау үшін мемлекеттік қордан нарықтық бағадан 14% төмен бағамен 14 мың тонна дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар 35 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілді, қосымша тағы 46,8 мың тонна жеткізу жоспарланған. Бұл ретте мемлекет ауыл шаруашылығы өндірушілерінің тыңайтқыштар мен пестицидтер сатып алуға жұмсаған шығындарының 60%-на дейін субсидиялайды.

- Көктемгі егіс жұмыстарын табысты жүргізу үшін 2024 жылы облыстық бюджеттен өсімдік шаруашылығына 4,1 млрд теңге субсидия бөлінді. Бүгінгі таңда фермерлерге 1,7 млрд теңге субсидия төленді, - деп атап өтті ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы.

Сондай-ақ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ республикалық бюджеттен 13 млрд теңге көлемінде несие бөлген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу