ШҚО-да биыл егістік алқаптары ұлғайды
Фото: Редакция мұрағатынан
ШҚО-да биыл майлы, көкөніс-бақша, жемшөп дақылдары мен картоп алқаптары ұлғайтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО-да биыл егіс алқабы 6,7 мың гектарға артып, 645,1 мың гектарға дейін ұлғайды.
Жаздық дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 263,9 мың га алқапқа егілді.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау, жоғары рентабельді дақылдар өндірісін арттыру, импортты алмастыру жөніндегі жұмыстар шеңберінде майлы дақылдар алқабы 219 мың гектарға (+8,1 мың гектар) дейін, жемшөп дақылдары 125 мың гектарға (+3,3 мың гектар) дейін, көкөніс-бақша дақылдары 6,1 мың гектарға (+0,1 мың гектар)дейін және картоп 11,6 мың гектарға дейін (+0,6 мың гектар) ұлғайтылы», - деп хабарлады ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы.
Оқи отырыңыз