KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
502.57 591.68 6.42

Қазақстан – Ресей: стратегиялық әріптестік нығайып келеді

28.11.2024, 12:30 267 Гульжан Мусина

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті тереңдету мақсатындағы бірлескен мәлімдемесі жарияланды, деп хабарлайды  Аltainews.kz тілшісі Akorda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастарының орнықтылығын, саяси диалогтың жоғары деңгейін және экономикалық ынтымақтастықтың жемісті болуын ерекше атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысының энергетикалық әлеуеті екі елдің стратегиялық ынтымақтастығының маңызды бөлігі болып отыр. 2024 жылғы келісімдер аясында Семей мен Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары мақұлданды. Бұл жобалар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық өсімге серпін бермек.

Сонымен қатар Ресейден табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы жеткізу және газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды. Бұл Шығыс Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуында маңызды рөл атқарып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық байланыстары одан әрі күшейе түсуде. Уфа қаласында өткен өңіраралық ынтымақтастық форумының нәтижелері және Ақтау қаласында Ресей бас консулдығының ашылуы болашақтағы бірлескен жобаларға тың серпін береді.

Екі ел басшыларының кездесуі Шығыс Қазақстан өңірінің стратегиялық маңызын тағы да айқындап, Қазақстан – Ресей ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруға негіз қалады.

Ресей Федерациясының Президенті В.  Путин жылы қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевты 2025 жылы Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Қазақстан Республикасының Президенті шақыруды ризашылықпен қабылдады. Сапар мерзімі қосымша келісілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу