KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 3 м/с, В
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентін елорда әуежайынан қарсы алды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

9.11.2023, 09:34 256 Ләззат Қанатқызы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайында қарсы алды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9 қараша күні Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Астанаға ресми сапармен келетінін жазған едік.

Сапар барысында екі ел басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланып отыр. 
Бұдан бөлек, президенттер Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумына бейнебайланыс режимінде қатысады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив