KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Мемлекет басшысы Аида Балаеваға келесі жылдың мерейтойлық даталарына дайындықты бақылауды тапсырды

Фото: Ақорда

29.11.2024, 19:30 116 Гульжан Мусина

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Президентке ведомствоның биылғы атқарған негізгі қызметі жөнінде есеп беріп, алдағы жылға арналған жоспарын таныстырды,- деп хабарлайды  Altainews.kz  тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Министр Аида Балаеваның айтуынша, биылғы жылы мәдениет, ақпарат, азаматтық қоғам, дін, жастар саясаты, креативті индустриялар және отбасы-демографиялық бағытта бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылған. Сонымен қатар, ұлттық тарих пен мәдениетті насихаттауға бағытталған жобалар қолға алынған.

Президентке заңнамалық жұмыстар мен волонтерлық қозғалысты дамыту, креативті индустрияларды қолдау және шығармашылық орталықтардың ашылуы жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлік жұмысына оң баға беріп, келесі жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлық даталарға ерекше назар аударуды тапсырды. Бұл іс-шаралар елдің мәдениеті мен рухани құндылықтарын нығайтуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу