Екі ел шекарасы: Ережелер мен ерекшеліктер
pexels.com
Ресей Федерациясы мен Қазақстанның шекарасы мыңдаған шақырымға созылып жатыр, құрлықпен де, теңізбен де шектеседі. Ұзына бойы жүзден астам бақылау-өткізу пункттері орналасқан. «Ресейдің Қазақстанмен құрлық шекарасы қалай реттеледі? Оны қалай дұрыс кесіп өту керек? Ресей Федерациясының аумағынан шығу кезінде қандай ережелерді ескеру қажет?» деген сұрақтар екі елдің де саналы азаматтарын толғандырса керек. (Abai.kz)
Елдер арасындағы қазіргі шекара 20 ғасырда Қазақ КСР құрылған кезде қалыптаса бастады. Ол Кеңес Одағының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің өзгеруіне байланысты үнемі өзгеріп отырды. Мысалы, 1920 жылы Орынбор облысы Қазақ АКСР-ға өтіп, шекара солтүстікке қарай жылжыды. Орынбор Қазақ автономиялық республиканың астанасы болды. Бірақ, бес жылдан кейін бәрі бұрынғы күйіне қайта оралып, шекара қайтадан өзгерді.
Қазіргі кездегі елдер арасындағы шекара 1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін пайда болды. Бірақ оны делимитациялау (шекаралас елдер арасындағы шекараның нақты орнын талқылау) 1999 жылы басталды. Демаркация (жердегі таңбалау) 2007 жылы ғана басталды.
Елдер арасындағы пайда болған шекара Петропавл облысындағы Транссібір темір жолын кесіп өтті. Осы себепті елдер бұл жерде дәліз құру туралы келісімге қол қойды, ол арқылы тауарлар шекарадан тексерусіз және баж салығын төлемей өтеді.
Қазақстан мен Ресей теңіз және құрлық арқылы шектеседі. Құрлықтағы шекарасы 7 598,8 шақырымды құрайды. Теңіз шекарасы өте қысқа: 85,8 шақырым. Ол Ресейдің 10 облысы арқылы өтеді.
Қазақстан мен Ресейде барлығы 46 бақылау-өткізу бекеті бар. Оның бірі өзен (Ресей мен Қазақстан шекарасы су арқылы өтеді), қалғаны пойыз немесе автокөлікпен өтуге арналған жолдар.
Ресей мен Қазақстан шекарасынан жолаушылар мен жүктердің өтуін жеңілдету үшін көптеген келісімдерге қол қойылды. Бірақ, кез-келген шекарадағы сияқты, бірқатар шектеулер әлі де сақталады. Ресей азаматтарына Қазақстанға кіру үшін виза қажет емес.
Бұл Ресей-Қазақстан шекарасынан өткен Беларусь және Украина азаматтарына да қатысты. Ішкі төлқұжатпен немесе шетелдік төлқұжатпен кіруге болады.
Қазақстанға мына заттарды алып кіруге рұхсат етілген:
10 000 долларға дейінгі қолма-қол ақша; жалпы құны 25 000 долларға дейінгі асыл металдар мен зергерлік бұйымдар; 3 литрге дейін алкоголь 1000 қорап темекі; 10 килограммға дейін тағам; 100 литрден аспайтын бензин;
Ал мына заттарды алып кіруге тыйым салынады: есірткі; қару мен оқ-дәрі; «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар; жазда ет пен балық; карантин тізіміндегі тауарлар; антиквариат.
Сондай-ақ зорлық-зомбылыққа, ксенофобияға, нәсілшілдікке және билікті құлатуға шақыратын материалдарды әкелуге тыйым салынады. Жолаушы тиым салынған заттарды алып кіретін болса, тәркіленеді, айыппұл салынады, қару мен есірткі алып кіру жағдайында түрмеге қамалуы мүмкін.
Терроризм, экстремизм, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін, діни және басқа да араздықты қоздырумен айналысатын азаматтар Қазақстанға кіргізілмеуі мүмкін.
10 000 рубльден артық мемлекетке қарызы бар, салығын төлемегендерде де Қазақстан шекарасына өте алмайды.
Серік Құсанбаев