KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

Коронавирус: Шығыста шекара жабылды

27.01.2020, 03:42 187

Коронавирусқа қатысты Шығыс Қазақстан облысы мен ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы арасындағы шекара жабылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Кеден бекеттерінде бақылау күшейтілді. Осыған дейін өңірге келген шетелдіктер тепловизорлар арқылы тексеруден өтті. Шекара шебіндегі Зайсан және Үржар сынды аудандарда медициналық қызметкерлерге қосымша нұсқаулық берілді. Эпидемиологтар вирусқа қарсы оқу-жаттығуларға дайындалып жатыр.

– Жолаушылар мен тасымалдаушылар арасында күдікті жағдайлар анықталса, әрекет ету алгоритмі мен ақпарат схемасы бар. Тепловизормен шекара бекетіне келген адамдардың дене қызуы өлшенеді, – деді ШҚО бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив